АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖЕКЕ СОТ
ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК ПАЛАТАСЫ

  • Ақпараттық қызмет
  • +7(7172) 55-20-64

"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру"

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
      2) «Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 23.05.2016 № 340 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқытық жүйесінде және мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                Б. Имашев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ________________ Ә. Исекешев 
      2015 жыл ____________

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ________________ Е. Досаев 
      2015 жыл ____________

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 249 бұйрығына   
1-қосымша     

«Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен
айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 23.05.2016 № 340 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
      аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайда – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
      аттестаттаудан өту не өтпеу туралы комиссия шешімі шығарылған кезде – аттестаттау өткізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексеруге міндетті.
      Құжаттар тиiсiнше ресiмделмеген не құжаттар топтамасы толық берiлмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесiне келiп түскен өтініш ұсынылған құжаттармен қоса түскен күнiнен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, қайтару себебi туралы жазбаша хабарламамен бiрге үмiткерге қаралмай қайтарылады. Үмiткер құжаттарды қолма-қол ұсынған кезде, өтінішті берiлген құжаттармен қоса қарамай қайтару дереу жүргiзiледi.
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсету үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасынасәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменттері жанындағы жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу комиссиясының отырыс хаттамасы нысанында ресімделген аттестаттаудан өткендігі не өтпегендігі туралы шешімі.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін қағаз жеткізгішінде немесе портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделеді.
      Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттаудан өтуге жіберілген көрсетілетін қызметті алушыға аттестаттау өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей оның өтетін орны, күні, уақыты, тәртібі туралы жазбаша түрде хабарлайды.
      Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттау өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында аттесттаудан өтуге жіберілген үміткерлердің тізімін, оны өткізу тәртібін, үміткерлерді іріктеу ұзақтығы мен мазмұнын орналастырады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.
      Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдауды еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн жүзеге асырады.
      Аттестаттауды өткізу қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет жүзеге асырылады.
      2) портал – жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш;
      2) жеке куәлігі және жеке тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын  құжат (сәйкестендіру үшін);
      3) мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны;
      дипломының бар екендігі туралы;
      тағылымдамадан өткендігі туралы;
      4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар;
      Порталға:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш;
      2) мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысанының электрондық көшірмесі;
      дипломының бар екендігі туралы;
      тағылымдамадан өткендігі туралы;
      3) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалардың электрондық көшірмесі;
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіде – күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен тегі көрсетілген талон құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады;
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрліктің басшысының атына 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор к-сі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 13-кіреберіс мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымда көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) тегі, пошталық мекенжайы көрсетіледі.
      Шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен уақытын көрсетумен оны көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Портал арқылы шағымданған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушіде өтініштерді өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағымымен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де
талаптар

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы: облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әділет органдары.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресуртарында көрсетілген, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Тағылымдамадан өткен және жеке сот
орындаушысы қызметімен айналысу  
құқығына үміткер адамдарды    
аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік 
көрсетілетін қызметтер стандартына 
1-қосымша             

Нысан

 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
________________ облысының, Астана және Алматы қалаларының
Әділет департаменті жанындағы Жеке сот орындаушысы қызметімен
айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттау бойынша комиссия
(бұдан әрі - Комиссия)  отырысының ХАТТАМАСЫ

______________ қаласы      №_________      20____ ж. «____» _________

 

Төрағалық еткен:
Қатысқандар:

(Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса)
Комиссия мүшелері:
(Т.А.Ә. (бар болса)

 

                             КҮН ТӘРТІБІ:

      Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшін аттестаттауға
қатысатын үміткерлерді іріктеу.
      «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 141-бабы
1-тармағына сәйкес Комиссия тағылымдамадан өткен және жеке сот
орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан
өткізді.
      Баяндалғанның негізінде, Заңның 141-бабын басшылыққа алып,
аттестаттау қорытындысы бойынша Комиссия:

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мына үміткерлер жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға
аттестаттаудан өтті деп есептелсін: _________________________________
                                      (Т.А.Ә. (бар болса) толығымен)
____________________________________________________________________.
      2. Мына үміткерлер жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға
аттестаттаудан өтпеді деп есептелсін: _______________________________
                                      (Т.А.Ә. (бар болса) толығымен)
____________________________________________________________________.
      3. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттауға
мына үміткерлер келген жоқ:_________________________________________.
                                   (Т.А.Ә. (бар болса) толығымен)
      4. _______________ облысының, Астана және Алматы қалаларының
Әділет департаменті екі жұмыс күні ішінде аталған хаттаманың
көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
      Осы хаттаманың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға
жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшін аттестаттауға ұсынған
құжаттары қайтарылсын.

      Комиссия төрағасы______________________________________________
                               (Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса)
      Комиссия мүшелері______________________________________________
                                    (Т.А.Ә. (бар болса)

      М.О.

      Хатшы _____________________
             (Т.А.Ә. (бар болса)
      20___ж. «_____»____________
      (Хаттаманың шыққан күні)

«Тағылымдамадан өткен және жеке сот
орындаушысы қызметімен айналысу  
құқығына үміткер адамдарды    
аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік 
көрсетілетін қызметтер стандартына 
2-қосымша             

Нысан

Жеке сот орындаушысы қызметімен     
айналысуға үміткер тұлғаларды      
аттестаттау бойынша комиссия төрағасына
_______________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса)        
Мекенжайы:_____________________________

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшін
аттестаттауға жіберу туралы
өтініш

      Маған жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия алу
үшін аттестаттаудан өтуге рұқсат етуді сұраймын.
      Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін.

Өтініш беруші _____________________________
күні: _________________________
         (Т.А.Ә. (бар болса)

      Қосымша:
      1. _____________________________
      2. _____________________________
      3. _____________________________
      4. _____________________________
      5. _____________________________

«Тағылымдамадан өткен және жеке сот
орындаушысы қызметімен айналысу  
құқығына үміткер адамдарды    
аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік 
көрсетілетін қызметтер стандартына 
3-қосымша             

Нысан

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға
аттестаттаудан өту үшін
мәліметтер нысаны

      I. Диплом туралы мәлімет:
      1. Жоғарғы оқу орнының атауы
____________________________________________________________________
      2. Мамандықтың шифрі
____________________________________________________________________
      3. Дипломның нөмірі
____________________________________________________________________
      4. Дипломның берілген күні
____________________________________________________________________
      5. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
нострификациялау және тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат:
____________________________________________________________________
      1. сериясы және нөмірі:
____________________________________________________________________
      2. негіздеме: күні және нөмірі
____________________________________________________________________
      3. тіркеу нөмірі және күні
____________________________________________________________________
      II. Тағлымдамадан өткені туралы қорытынды:
      1. Тағлымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні
____________________________________________________________________
      2. Облыс
____________________________________________________________________
      3. Тағлымдаманың жетекшісі
____________________________________________________________________
      4. Тағлымдаманың басталу күні
____________________________________________________________________
      5. Тағлымдаманың аяқталу күні
____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 249 бұйрығына   
2-қосымша      

«Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген жағдайда:
      лицензия беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
      лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
      лицензияның телнұсқаларын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.
      Көрсетілетің қызметті беруші Көрсетілетің Қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсету үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған).
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесісы – жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағымен қарастырылған негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
      Жеке сот орындаушыcының қызметiмен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру үшін қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығының лицензиялық алымы алынады, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 471-бабына сәйкес мынаны құрайды:
      1) лицензия беру – 6 айлық есептік көрсеткіш;
      2) лицензияның телнұсқасын беру – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ы;
      3) лицензияны қайта ресімдеу – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ы, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен көп емес.
      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін төлемақы қолма-қол және (немесе) қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі, олар төлемақы мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) береді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін портал арқылы электрондық сұрау салынған кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушіде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      2) портал – жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      Лицензия алу үшін:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке куәлігі және жеке тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
      3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық  алымның бюджетке төленгендігін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны;
      дипломының бар екендігі туралы;
      еңбек қызметі туралы;
      «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 142-бабы 5-тармағында көрсетілген адамдардан басқасына аттестауды тапсырғаны туралы;
      5) шетел білім беру мекемелері берген дипломдар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімін өткендігін растайтын құжаттың көшірмесі;
      6) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды уәкілетті органға ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар;
      Порталға:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгендігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      3) мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны;
      дипломының бар екендігі туралы;
      еңбек қызметі туралы;
      «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 142-бабы 5-тармағында көрсетілген адамдардан басқасына аттестауды тапсырғаны туралы;
      4) шетел білім беру мекемелері берген дипломдар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімін өткендігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      5) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды уәкілетті органға ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалардың электрондық көшірмесі.
      Атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі және мерзімді өндіріп алу бойынша үш айдан астам берешегі туралы мәлімет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің дерекқорынан ұсынылады.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арыз;
      2) жеке куәлігі және жеке тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын  құжат (идентификациялау үшін);
      3) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) лицензияны немесе лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараттары бар құжаттар көшірмесі, ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылған құжаттардан басқа.
      Порталға:
      1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық түрдегі арыз;
      2) лицензиялық жинақ қорына төленгені туралы электрондық құжат көшірмесі, ЭҮТШ арқылы төленген жағдайдан басқа;
      3) лицензияны немесе лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараттары бар электрондық құжаттар көшірмесі, ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылған құжаттардан басқа.
      Лицензияны жоғалтқан, бүлдірген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәлімет алу мүмкіндігі болмаған кезде телнұсқасын алу үшін (қажетті құжаттарды ұсыну арқылы) жүгінеді:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арыз;
      2) телнұсқаны беру үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
      Порталға:
      1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық түрдегі арыз;
      2) лицензиялық жинақ қорына төленгені туралы электрондық құжат көшірмесі, ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда.
      Еңбекке жарамдылығына шек қойылмағаны немесе еңбекке жарамдылығына шек қойылғаны туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны туралы, яғни жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалғанға дейін үш жыл ішінде сот тәртібімен әкімшілік жазаға тартылғаны, заңда көзделген тәртіпте соттылығы өтелмегені немесе алынбағаны туралы, бұрын теріс қылықтар жасағаны үшін мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан және арнайы мемлекеттік органдардан, соттан және әділет органдарынан қызметтен босатылғаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы, мемлекеттік ақпараттық жүйесінде қамтылған тұлғаны жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу лицензиясынан айыру туралы ақпарат қамтылған құжаттарды көрсетілетін қызмет беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушы мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын құжаттарды пайдалануға келісім береді, егер Қазақстан Республикасының  заңдарындаөзге көзделмесе.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге – күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен тегі көрсетілген талон құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады;
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 23.05.2016 № 340 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
      субъектілердің осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
      қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
      көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      көрсетілетін қызметті берушінің келісім беретін тиісті мемлекеттік органынан көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылған талаптарға сәйкес келмеуі туралы жауап алуы;
      көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрін жүзеге асыруға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
      сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот уақытша лицензия алуына тыйым салуы.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым қызмет берушінің басшысының атына немесе Министрліктің құрылымдық бөлімшесі басшысының атына, осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
      Шағымдар жазбаша түрде пошталық байланыс арқылы, Министрліктің кеңсесі (925-кабинет), телефоны 8 (7172) 74-07-95, 74-07-96 арқылы қолма-қол қабылданады.
      Күні, уақыты, шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен тегі көрсетілген талонды алу шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның аты-жөні, тегі, пошталық мекен-жайы көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылуы қажет.
      Портал арқылы шағымданған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап пошталық байланыс арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына жіберіледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілетін өзге де
талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы: Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 13-кіреберіс.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-04-52, 74-06-30. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 88000807777.

«Жеке сот орындаушысының  
қызметімен айналысу құқығына
лицензия беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша        

Нысан

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға арналған өтiнiші

____________________________________________________________________
          (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________________________________________
(қызметтiң түрiн және (немесе) кіші түрін (-лерін) көрсету) жүзеге
асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз
тасымылдағышта беруiңiздi сұраймын.
      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ____________________
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банктік есепшоты ____________________________________________________
                 (есепшот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы (лары) ____________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Құжаттар қоса беріліп отыр __________________________________________
      Осымен көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беру мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;
      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сай келетіні және
жарамды болып табылатыны расталады.

      Жеке тұлға ___________________________________________________
                (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

Мөр орны Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» ________
(бар болған жағдайда)

«Жеке сот орындаушысының    
қызметімен айналысу құқығына  
лицензия беру» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша         

Нысан

Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін біліктілік
талаптарының сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 23.05.2016 № 340 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жоғары білім:
      Мамандығының және біліктілігінің атауы ________________________
      Диплом нөмірі _________________________________________________
      Дипломның берілген күні _______________________________________
      Дипломның берілген орны _______________________________________
      Оқу орнының, диплом берген оқу мекемесінің атауы ______________
2. Аттестаттауды тапсырғаны:
      Аттестаттау нәтижесі (иә/жоқ) _________________________________
3. Еңбек жолы:
      Қабылданған күні ______________________________________________
      Босатылған күні _______________________________________________
      Атқарған қызметі ______________________________________________
      Жұмыс орны ____________________________________________________
      Босатылған себебі _____________________________________________

«Жеке сот орындаушысының  
қызметімен айналысу құқығына
лицензия беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша         

Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге
арналған жеке тұлғаның өтiнiші

____________________________________________________________________
                    (лицензиардың толық атауы)
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), жеке
                      сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________
 (қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)
_____________________________________________________ жүзеге асыруға
20___ жылғы « » ___________ № ____________, _______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері),
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)
берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны (керектің асты сызылсын)
қағаз тасымалдағышта ___ (лицензияны қағаз тасымалдағышта алу қажет
болған жағдайда Х белгісін қою керек)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
өзгеруі _______
2) жеке кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның атауының өзгеруі
______
3) жеке кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның заңды мекенжайының
өзгеруі _______
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және
хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада
көзделген жағдайларда, үшінші тұлғалардың пайдасына
объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша
берілген лицензияны лицензиаттың иеліктен шығаруы ________
5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия
үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып,
объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі
_______
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы
талаптың болуы _______
7) қызмет түрінің атауының өзгеруі ________
8) қызметтің кіші түрінің атауының өзгеруі ________ қағаз тасымалдағышта.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы __________________________
____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
                (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ___________________________________________________________
            (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
                 көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы
және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге
болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші
түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатындығы расталады;
ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға
келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті
электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет
көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

Жеке тұлға ____________ _____________________________________________
              (қолы)   (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________

«Жеке сот орындаушысының  
қызметімен айналысу құқығына
лицензия беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша        

Нысан

Лицензия көшірмесін және (немесе) лицензияға қосымшаларды алу
үшін жеке тұлғаның өтініші

____________________________________________________________________
                   (лицензиардың толық атауы)
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________________ (лицензияны жоғалту, бүлдіру)
байланысты лицензия көшірмесін беруіңізді сұраймын.
20___ жылғы « » ___________ № ____________, _______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері),
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)
берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны (керектің асты сызылсын)
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы __________________________
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
              (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ___________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
                    үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар)
______ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы
және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге
болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші
түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру
кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға
келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті
электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет
көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

Жеке тұлға ____________ ____________________________________________
               (қолы)  (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

Мөр орны Толтырған күні: 20__ жылғы «__» _________________

Доверяете ли вы частным судебным исполнителям?

Total votes: 4
2018 Қазан < >
ДсСсСрБсЖмСнЖс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
    

Сегодня родились 18
Октября

Сегодня нет день рождений

Контакты

Республика Казахстан,
г. Астана, улица Е 250
ВП-1

тел.: +7 7172 55-20-44