Ереже

                                                                                                                                                                                                                              Жеке сот орындаушыларының

  республикалық палатасының Съезімен

                                                                                                                                                                                                                        2016 жылғы «08» сәуірде бекітілген

                                                                                 

 

 

 

Жеке сот орындаушыларының

 республикалық палатасының Астана қаласындағы филиалы Астана қаласы Жеке сот орындаушыларының

өңірлік палатасы туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

       1.1. Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының Астана қаласындағы филиалы – Астана қаласы Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы (бұдан әрі – Республикалық палата) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1, 161, 162-баптарына, Республикалық палатаның Жарғысына сәйкес құрылған.

        1.2. Өңірлік палата Республикалық палатаның жерінен тысқары орналасқан және оның функцияларын, оның ішінде өкілдік функциясын жүзеге асыратын оның оқшауланған бөлімшесі болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Республикалық палатаның Жарғысын басшылыққа алады.

        1.3. Өңірлік палата заңды тұлға болып табылмайды және Жарғымен, осы Ережемен белгіленген өкілеттіктер мен Республикалық палатаның оның басшысына берген сенімхаты шегінде әрекет етеді.

        1.4. Өңірлік палата басшысының заңнаманы, Жарғыны, Ережені және сенімхатта ұзартылған өкілеттіктерді бұзумен жүзеге асырылған әрекеттері салдарынан болған міндеттемелерден басқа, Өңірлік палатаның міндеттемелері бойынша жауапкершілікті Республикалық палата алады.

        1.5. Өңірлік палатаға оны заңды тұлға ретінде құрған мүлік бөлінеді және осы ереженің негізінде әрекет етеді.

        1.6. Өңірлік палатаның мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрі мен мөртабаны, белгілі үлгідегі бланкілері болады.

        1.7. Өңірлік палата өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте бұйрықтар шығарады.

        1.8. Республикалық палата қызметінің мәні:

1.8.1. Қазақстан Республикасы аумағында жеке сот орындаушыларының қызметін үйлестіру;

        1.8.2. мемлекеттік билік және басқару органдарында, мемлекеттік емес ұйымдарда Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттерінің сот органдарында, халықаралық ұйымдарда жеке сот орындаушылары қауымдастығының мүдделерін ұсыну болып табылады.

1.9. Республикалық палатаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, инд. 010000, Астана қаласы, Орынбор көш., 20/1 үй.

Республикалық палатаның толық атауы:

– мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы»;

– орыс тілінде: «Республиканская палата частных судебных исполнителей Республики Казахстан». Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қ. Әділет департаменті берген 2015 жылғы 18 ақпандағы 10100094165637 заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік;

 

       1.10. Өңірлік палатаның заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 010000, Ақмола облысы, Астана қ, Е 250 көш., 9 үй.

        Толық атауы – «Филиал Республиканской палаты частных судебных исполнителей в городе Астане – региональная палата частных судебных исполнителей города Астаны»,

        мемлекеттік тілде: – «Жеке сот орындаушылары Республикалық палатасының Астана қаласындағы филиалы – Астана қаласы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы».

        орыс тілінде – «Филиал Республиканской палаты частных судебных исполнителей в городе Астане – региональная палата частных судебных исполнителей города Астана».

  1. Қызметінің мақсаттары мен мәні

        2.1. Өңірлік палатаны құрудың мақсаты Астана қаласы аумағында жеке сот орындаушыларының қызметін үйлестіру, мемлекеттік билік және басқару органдарында, мемлекеттік емес ұйымдарда, Қазақстан Республикасының сот органдарында және қатынастары тиісті шарттармен белгіленген шет мемлекеттерінің сот органдарында олардың мүдделерін ұсыну болып табылады. Өңірлік палата жеке сот орындаушыларының әлеуметтік, кәсіби құқықтарын қорғауды жүзеге асырады, жеке сот орындаушыларының қызметін дамытуда көмек көрсетеді және ықпал жасайды.

 

          2.2. Өңірлік палатаның негізгі міндеті жеке сот орындаушыларының өз міндеттерін орындауын ұйымдастыру, сондай-ақ азаматтық құқықтық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

 

          2.3. Өңірлік палата қызметінің негізгі мәні:

 

2.3.1. мемлекеттік органдарда, ұйымдарда жеке сот орындаушыларының мүдделерін ұсыну және қорғау;

 

2.3.2. атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметін дамытуда көмек көрсету және ықпал жасау;

 

2.3.3. жеке сот орындаушылары атқарушылық әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасын сақтауына кәсіби бақылауды жүзеге асыру;

 

2.3.4. жеке сот орындаушылардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) келіп түскен шағымдар мен жүгінулерді қарау;

 

2.3.5. жеке сот орындаушысының лауазымына үміткер тұлғаларға тағылымдама ұйымдастыру;

 

          2.3.6. білім ұйымдарымен бірлесіп, жеке сот орындаушылары мен олардың көмекшілерін практиканы өту және оқытуды (біліктілікті арттыру) ұйымдастыру бойынша  жәрдемдесу;

 

          2.3.7. заңнаманың, Жеке сот орындаушыларының кәсіби ар-намыс кодексінің, Жарғының талаптарын сақтау мәселелері бойынша тәртіптік комиссия құру және жұмысын ұйымдастыру;

 

2.3.8. уәкілетті органға жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру және тоқтату туралы ұсыныстар енгізу;

 

2.3.9. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасын қолдану тәжірибесін жинақтау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;

 

2.3.10. жеке сот орындаушыларының орталықтандырылған құжаттар мұрағатын жүргізуді қамтамасыз ету;

 

2.3.11. уәкілетті орган және Республикалық палатаның актірімен белгіленген тәртіпте жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөлу;

 

2.3.12. жарғылық міндеттерден туындайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Өңірлік палатаның құқықтары мен міндеттері

          3.1. Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшін Өңірлік палата Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай құқықтарға ие:

 

3.1.1 өз қызметі туралы ақпарат таратуға;

 

3.1.2. соттарда және басқа мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда, қоғамдық бірлестіктерде жеке сот орындаушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін ұсыну және қорғауға;

 

3.1.3. жеке сот орындаушысының атқарушылық әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) заңнамаға сәйкестігі мәселесін қарау кезінде жеке сот орындаушысынан мәліметтерді, құжаттарды, қажет болған жағдайда жеке түсініктемелерін, оның ішінде кәсіби этиканы сақтамау мәселелері бойынша түсініктемесін талап етуге;

 

3.1.4. уәкілетті орган және Республикалық палатасы актілерімен белгіленген тәртіпте жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөлуге;

 

3.1.5. получать методическую и организационную помощь; әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек алуға;

 

3.1.6. Республикалық палатаға жеке сот орындаушысының мүшелігін жою туралы ұсыныстар жолдауға;

 

3.1.7. Республикалық палатаға жүктелген міндеттерден туындайтын өзге өкілеттіктерді жүзеге асыруға;

 

3.1.8. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы Жарғыда көзделген өзге де құқықтары болуға;

 

3.2. Өңірлік палата мыналарға міндетті:

 

3.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ Жарғыда көзделген нормаларды сақтауға;

 

3.2.2 Республикалық палата қызметіне белсенді қатысуға;

 

3.2.3 Республикалық палатаға және аумақтық органға өз қызметі туралы ақпаратты уәкілетті орган және Республикалық палата белгілеген нысан бойынша және мерзімде беруге;

 

3.2.4 Республикалық палатаның қызметін атқару үшін қажетті жарналар төлеуді бақылау мен үйымдастыруды, осы Жарғыда белгіленген тәртіпте жүзеге асыруға; 

 

3.2.5 Жеке сот орындаушылары Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы  Жарғыны және жеке сот орындаушыларының ар-намыс Кодексін сақтау бойынша бақылауды жүзеге асыруға;

 

3.2.6. жеке сот орындаушыларын, олардың құқығы мен мүддесін қозғайтын құжаттармен және шешімдермен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етуге;

 

3.2.7. Өңірлік палата өтінімдері мен есептері бойынша Республикалық палата төлеген ақшалай қаражаттарының түсімдері мен шығындары туралы Республикалық палатаға хабарлауға және құжаттамамен растауға;

 

3.2.8. Республикалық палатаға өз қызметі туралы ақпарат беруге; 

 

3.2.9. Республикалық палатаның жұмыс тапсырмаларын, сұрау салуларын, сондай-ақ жоспарлы іс-шараларын уақтылы әрі сапалы орындауға;

 

3.2.10. Республикалық палата Басқармасының шешімдерін және Басқарма Төрағасының тапсырмаларын орындауға;

3.2.11. заңнамаға және осы Жарғыға сәйкес өңірлік палатаға жүктелген міндеттерді орындауға міндетті.

4. Өңірлік палатаның қызметін ұйымдастыру

4.1. Өңірлік палатаның басшысы Республикалық палата Басқармасы төрағасының бұйрығымен жеке сот орындаушылары арасынан тағайындалады.

 

4.2. Өңірлік палатаның басшысы Республикалық палатаның өзге сайланбалы лауазымдарына (Төралқа мүшелері, Басқарма мүшелері, тексеру комиссиясының мүшелері) орналаса алмайды.

 

4.3. Өңірлік палата басшысының қызметі сенімхат негізінде және Республикалық палатаның штаттық кестесіне сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады.

 

4.4. Жеке сот орындаушысы өңірлік палата басшысының міндеттерін орындау кезінде сот және өзге актілерді орындау бойынша өзінің қызметін тоқтата тұрады.

Өңірлік палата басшысы өңірлік палаталарда өңірлік палата басшысының лауазымына ақысыз негізде орналасқан жағдайда, ол өзінің сот және өзге актілерді орындау бойынша қызметін тоқтатпауына болады.

 

4.5. Республикалық палатаның Өңірлік палата басшысы лауазымына тағайындау туралы бұйрығы шыққан кезден бастап Өңірлік палата басшысы өзінің өкілеттігін орындауға кіріседі және Республикалық палатаның лауазымынан босату туралы бұйрығы шыққан кезден бастап тоқтатады.

 

4.6. Өңірлік палатаның басшысы:

 

          4.6.1. Басқарма шешімдерінің орындалуын бақылауды ұймдастырады;

 

4.6.2. жұмысты ұйымдастырады әрі басшылық жасайды және өңірлік палатаға жүктелген мідетредің орындалуына әрі өзінің функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауапкершілікті алады. Мемлекеттік билік және басқару органдарымен, сот органдарымен, мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдармен қатынаста өңірлік палатаны ұсынады;

 

4.6.3. өңірлік палата атынан хат алмасуды жүргізеді;

 

4.6.4. жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

4.6.5. өңірлік палатаның іс қағаздарының жүргізілуіне, жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың міндеттілігіне бақылауды жүзеге асырады;

 

4.6.6. Жеке сот орындаушылары Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы  Жарғыны және жеке сот орындаушыларының ар-намыс Кодексін сақтау бойынша бақылауды жүзеге асыруға;

 

4.6.7. өңірлік палата шешімдерінің, жоспарлы іс-шараларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

 

4.6.8. өңірлік палата аппаратының барлық қызметкерлеріне орындауға міндетті бұйрықтар мен нұсқаулар береді;

 

4.6.9. Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына өңірлік палатаның қызметі туралы ақпарат береді;

 

  4.6.10. уәкілетті орган және Республикалық палата актілерімен белгіленген тәртіпте жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөледі;

 

         4.6.11. Республикалық палата Съезі шешімімен бекітілген, жеке сот орындаушылардың тәртіптік жауапкершілігі туралы Ересіне сәйкес өңірлік палатаның тәртіптік комиссиясын құрады. Жеке сот орындаушыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдайды;

 

  4.6.12. Республикалық палатаның қызметін атқару үшін қажетті жарналар төлеуді бақылау мен үйымдастыруды, осы Жарғыда белгіленген тәртіпте жүзеге асырады; 

 

  4.6.13. жеке сот орындаушысының қызметіне тағылымдамадан өтушілерге заңнамаға сәйкес тағылымдаманы ұйымдастырады, тағылымдама басшысын белгілейді;

 

  4.6.14. білім ұйымдарымен бірлесіп, жеке сот орындаушылары мен олардың көмекшілерін оқытуын (біліктілікті арттыру) ұйымдастыру бойынша практикадан өтуге жәрдемдеседі;

 

4.6.15. Республикалық палатамен жазбаша келісім бойынша жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе лицензиясының әрекетін тоқтату туралы ұсынысын уәкілетті органға жолдайды;

 

  4.6.16. Заңнамалық актілермен және осы Жарғымен белгіленген шегіндегі және шеңберіндегі өзге де құзыреттерді орындайды.

 

4.7. Өңірлік палатаның басшысы Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының жұмыс тапсырмаларын, сұрау салуларын, сондай-ақ жоспарлы іс-шараларын уақтылы әрі сапалы орындамағаны, сондай-ақ  Республикалық палатаның Жарғысы мен осы Ережені сақтамағаны үшін жауапты болады.

 

  1. Өңірлік палатаның мүлкі

 

 

         5.1. Өңірлік палатада Республикалық палатаның мүлкінен оқшауланған мүлкі жоқ.

         5.2. Республикалық палата Өңірлік палатаға негізгі қаражатын бөледі, ол Республикалық палатаның жалпы балансында көрсетіледі.

 

6. Өңірлік палата қызметінің тоқтатылуы

 

6.1. Өңірлік палата қызметінің тоқтатылуы Республикалық палата Съезінің шешімімен жүргізіледі.